• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Қараша, 2016

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бұйрығы  №605

350 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 26 қазан Астана қаласы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Әскерге шақырылғандарға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Запастағы офицерлерге әскери билеттердің (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, жауынгер-интернационалистерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушыларға куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Жеңілдігі бар тұлғаларға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, жауынгер - интернационалистерге) анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес « Әскери қызмет өткеруді растау туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы: 1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын; 2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын; 3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми веб-сайтына орналастырсын. 3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін. 4. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі И. ТАСМАҒАМБЕТОВ «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ұлттық экономика министрі _______________Ә. Исекешев __________________Е. Досаев 2015 жылғы 30 қазан 2015 жылғы 28 қараша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 26 қазандағы №605 бұйрығына 1-қосымша «Әскерге шақырылғандарға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Әскерге шақырылғандарға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық); 2) жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі – ЖӘБО) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: ЖӘБО-ға немесе орталыққа өтініш жасаған кезде (өтініштер мен құжаттарды қабылдаған күн қызмет көрсету мерзіміне кірмейді): 1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағазда. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі әскерге шақырылғандарға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер беру болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағазда. 7. Әскерге шақырылғандарға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктерді беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін; 2) ЖӘБО-да – әскери қызметшілер үшін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін, ал өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын азаматтық персонал үшін дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден сағат 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі; 3) Орталықта – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліссіз, дүйсенбіден сенбіге дейінгіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы броньдауға болады. 9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: ЖӘБО-ға: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік беру туралы өтініш; аудандық (қалалық) медициналық комиссияның хаттамалар кітабынан көшірме; жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін); 3х4 фотосурет – 2 дана. Орталыққа: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік беру туралы өтініш; аудандық (қалалық) медициналық комиссияның хаттамалар кітабынан көшірме; жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін); 3х4 фотосурет – 2 дана. Көрсетілетін қызметті алушы мен ХҚКО қызметкері жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді және тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді. Құжаттар Орталық немесе ЖӘБО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Орталықта дайын құжаттарды беру жеке басын немесе нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілінің куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады. Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызмет нәтижесін алуға өтініш жасамаса, орталық оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін ЖӘБО-ға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін орталыққа дайын құжаттарды алу үшін өтініш жасаған кезде орталық бір жұмыс күні ішінде ЖӘБО-ға сұрау салады. ЖӘБО кейіннен көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде Орталыққа дайын құжаттарды жолдайды. 10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: 1) шағым Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында көрсетілген www.mod.gov.kz. мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысы атына немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшысы атына: 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 14-үй мекенжайы бойынша беріледі. Шағым жазбаша түрде почта арқылы немесе жұмыс кестесіне сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнінің бас әріптерін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады; 2) көрсетілетін қызметті алушы орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды орталықтың www.con.gov.kz. интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар және телефондар арқылы орталық басшысына өтініш жасау жолымен жолдайды. Орталықта қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады). Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін орталық басшысына жолданады. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Орталықтың мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. 12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар 13. Көрсетілетін қызметті алушы қашықтан қолжетімділік режімінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігіне ие. 14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 15. «Әскерге шақырылушыларға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады. «Әскерге шақырылушыларға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Нысан __________________ (облысы) _________________________________ (ауданы (қаласы) қорғаныс істері жөніндегі басқармасының (бөлімінің) бастығына Әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік беру туралы өтініш 1. ______________________________________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде)) 2. ______________________________________________________________________ (туған жылы, айы, күні, жеке куәлігінің (төлқұжатының) №, жеке сәйкестендіру нөмірі) 3. ______________________________________________________________________ (туған жері – ауыл, кент, аудан, облыс) 4. ______________________________________________________________________ (ұлты) 5. ______________________________________________________________________ (отбасы жағдайы) 6. ______________________________________________________________________ (тұрғылықты мекенжайы) _________________________________________________________________________ байланысты әскери билет (әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік) беруіңізді сұраймын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. _______________________________ 20__ж. «___»________ ____________ (тегі және аты-жөнінің бас әріптері) (қолы) «Әскерге шақырылушыларға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Нысан (Т.А.Ә. (бар болған кезде) ____ __________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №____ бөлімі (мекенжайын көрсету керек) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (Әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер беру) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда: жоқ құжаттардың атауы: 1) ____________________________________; 2) ____________________________________; Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды. Т.А.Ә. (ол бар болған кезде) ХҚКО қызметкері) (қолы) Орынд. Т.А.Ә. (ол бар болған кезде) ____________ Тел.___________ Алдым: Т.А.Ә. (ол бар болған кезде) /көрсетілетін қызметті алушының қолы 20__жылғы «___»____________ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 26 қазандағы №605 бұйрығына 2-қосымша «Запастағы офицерлерге әскери билеттердің (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Запастағы офицерлерге әскери билеттердің (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық); 2) жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі – ЖӘБО) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: ЖӘБО-ға немесе орталыққа өтініш жасаған кезде (өтініштер мен құжаттарды қабылдаған күн қызмет көрсету мерзіміне кірмейді): 1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағазда. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі запастағы офицерлерге әскери билеттердің (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағазда. 7. Жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) запастағы офицерлерге әскери билеттердің (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін; 2) ЖӘБО-да – әскери қызметшілер үшін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін, ал өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын азаматтық персонал үшін дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден сағат 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін; 3) Орталықта – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліссіз, дүйсенбіден сенбіге дейінді қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы броньдауға болады. 9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: ЖӘБО-ға: 1) жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша даярлықтан өткендерге: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес запастағы офицер әскери билетін (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге өтініш; жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін); білімі туралы құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін білімі туралы құжаттың түпнұсқасы); 3х4 фотосурет – 2 дана; 2) әскери қызметтен запасқа шығарылғандарға: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес запастағы офицер әскери билетін (әскери билеттердің орнына уақытша куәлік) беруге өтініш; әскери есепке қою үшін нұсқама; жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін); 3х4 фотосурет – 2 дана; 3) басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келгендерге: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес запастағы офицер әскери билетін (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге өтініш; жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін); әскери қызметке қатыстылығын растайтын құжат; азаматтың әскери қызметке қатыстылығын растайтын есептік-әскери құжаттың көшірмесі (қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) бастығы растаған); білімі туралы құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін білімі туралы құжаттың түпнұсқасы); 3х4 фотосурет – 2 дана; 4) ескі үлгідегі әскери билетті жаңасына ауыстырған кезде: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес запастағы офицер әскери билетін (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге өтініш; жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін); запастағы офицер әскери билетінің (ескі үлгідегі) түпнұсқасы; ескі үлгідегі әскери билет түпнұсқасының көшірмесі (қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) бастығы растаған); 3х4 фотосурет – 2 дана; Орталыққа: 1) жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша даярлықтан өткендерге: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес запастағы офицер әскери билетін (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге өтініш; жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін); білімі туралы құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін білімі туралы құжаттың түпнұсқасы); 3х4 фотосурет – 2 дана; 2) әскери қызметтен запасқа шығарылғандарға: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес запастағы офицер әскери билетін (әскери билеттердің орнына уақытша куәлік) беруге өтініш; әскери есепке қою үшін нұсқама; жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін); 3х4 фотосурет – 2 дана; 3) басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келгендерге: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес запастағы офицер әскери билетін (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге өтініш; жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін); әскери қызметке қатыстылығын растайтын құжат; азаматтың әскери қызметке қатыстылығын растайтын есептік-әскери құжаттың көшірмесі (қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) бастығы растаған); білімі туралы құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін білімі туралы құжаттың түпнұсқасы); 3х4 фотосурет – 2 дана; 4) ескі үлгідегі әскери билетті жаңасына ауыстырған кезде: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес запастағы офицер әскери билетін (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге өтініш; жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін); запастағы офицер әскери билетінің (ескі үлгідегі) түпнұсқасы; ескі үлгідегі әскери билет түпнұсқасының көшірмесі (қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) бастығы растаған); 3х4 фотосурет – 2 дана; Көрсетілетін қызметті алушы мен ХҚКО қызметкері жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді және тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді. Құжаттарды Орталық немесе ЖӘБО арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Орталықта дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын (немесе нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілінің) құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады. Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызмет нәтижесін алуға өтініш жасамаса, орталық оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін ЖӘБО-ға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін орталыққа дайын құжаттарды алу үшін өтініш жасаған кезде орталық бір жұмыс күні ішінде ЖӘБО-ға сұрау салады. ЖӘБО кейіннен көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде орталыққа дайын құжаттарды жолдайды. 10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: 1) шағым Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында көрсетілген www.mod.gov.kz. мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысы атына немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшысы атына: 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 14-үй мекенжайы бойынша беріледі. Шағым жазбаша түрде почта арқылы немесе жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнінің бас әріптерін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады; 2) көрсетілетін қызметті алушы орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды орталықтың www.con.gov.kz. интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар және телефондар арқылы орталық басшысына өтініш жасау жолымен жолдайды. Орталықта қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады). Көрсетілетін қызметті берушінің немесе орталықтың мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. 12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар 13. Көрсетілетін қызметті алушы қашықтан қолжетімділік режімінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігіне ие болады. 14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 15. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады. «Запастағы офицерлерге әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Нысан ________________________ (облысы) ________________________ (ауданы (қаласы) қорғаныс істері жөніндегі басқармасының (бөлімінің) бастығына «Запастағы офицерлерге әскери билет (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беру туралы өтініш 1. ______________________________________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде)) 2. ______________________________________________________________________ (туған жылы, айы, күні, жеке куәлігінің (төлқұжатының) №, жеке сәйкестендіру нөмірі) 3. ______________________________________________________________________ (туған жері – ауыл, кент, аудан, облыс) 4. ______________________________________________________________________ (ұлты) 5. ______________________________________________________________________ (отбасы жағдайы) 6. ______________________________________________________________________ (тұрғылықты мекенжайы) байланысты әскери билет (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруіңізді сұраймын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. _______________________________ 20__ж. «___»________ ____________ (тегі және аты-жөнінің бас әріптері) (қолы) «Запастағы офицерлерге әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Нысан (Т.А.Ә. (ол бар болған кезде) ___________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №____ бөлімі (мекенжайын көрсету керек) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (Запастағы офицерлерге әскери билеттер (әскери билеттер орнына уақытша куәліктер) беру) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда: жоқ құжаттардың атауы: 1) ____________________________________; 2) ____________________________________; Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды. Т.А.Ә. (ХҚКО қызметкерінің) (ол бар болған кезде) (қолы) Орынд. Т.А.Ә. (ол бар болған кезде)____________ Тел.___________ Алдым: Т.А.Ә. . (ол бар болған кезде)/көрсетілетін қызметті алушының қолы 20__жылғы «___»____________ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 26 қазандағы №605 бұйрығына 3-қосымша «Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: 3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық); 1) жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі – ЖӘБО) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: ЖӘБО-ға немесе Орталыққа өтініш жасаған кезде (өтініштер мен құжаттарды қабылдаған күн қызмет көрсету мерзіміне кірмейді): 1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағазда. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағазда. 7. Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін; 2) ЖӘБО-да – әскери қызметшілер үшін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін, ал өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын азаматтық персонал үшін дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден сағат 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін; 3) Орталықта – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліссіз, дүйсенбіден сенбіге дейінгіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы броньдауға болады. 9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: ЖӘБО-ға: 1) денсаулық жағдайы бойынша әскери есепке берілуге жататын 27 жасқа толмаған әскери міндеттілерге: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес запастағы сарбаздар, сержанттар әскери билетін (әскери билеттердің орнына уақытша куәлік) беруге өтініш; жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін); аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды немесе бейбіт уақытта шақыру бойынша әскери қызметке шақырылудан босатылған деп тану туралы хаттамалары кітабынан үзінді-көшірме (медициналық комиссиядан өткеннен кейін жергілікті әскери басқару органында беріледі); облыстық әскерге шақыру комиссиясының бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды немесе бейбіт уақытта әскерге шақыру бойынша әскери қызметке шақырылудан босатылған деп тану туралы шешімінен үзінді-көшірме (медициналық комиссиядан өткеннен кейін жергілікті әскери басқару органында беріледі); 3х4 фотосурет – 2 дана; 2) әскерге шақыруы кейінге қалдырылуына байланысты әскери қызмет өткермеген 27 жасқа толғандарға: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес запастағы сарбаздар, сержанттар әскери билетін (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге өтініш; жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін); білімі туралы құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін білімі туралы құжаттың түпнұсқасы); аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзінді-көшірме (медициналық комиссиядан өткеннен кейін жергілікті әскери басқару органында беріледі); азаматтың әскери есепке алу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін (ҚР ӘҚБК-ның 647-бабына сәйкес азаматтың әскери есепке алу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін ҚІБ(Б) бастығы азаматқа айыппұл салу туралы шешім қабылдаған жағдайда) айыппұл төлеу туралы түбіртек; 3х4 фотосурет – 2 дана; 3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес запастағы сарбаздар, сержанттар әскери билетін (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге өтініш; жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін); аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзінді-көшірме (медициналық комиссиядан өткеннен кейін жергілікті әскери басқару органында беріледі); есептік-әліпбилік кітаптан үзінді-көшірме (егер сотталғанға дейін әскерге шақырылушылардың есебінде тұрса); қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінен босату туралы анықтама (соттылықтың болуы туралы анықтаманы жоғалтқан кезде); білімі туралы құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін білімі туралы құжаттың түпнұсқасы). 3х4 фотосурет – 2 дана; 4) құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдары оқу орындарының күндізгі бөлімшелерін бітіргендерге: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес запастағы сарбаздар, сержанттар әскери билетін (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге өтініш; жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін); аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзінді-көшірме (медициналық комиссиядан өткеннен кейін жергілікті әскери басқару органында беріледі); білімі туралы құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін білімі туралы құжаттың түпнұсқасы); 3х4 фотосурет – 2 дана; 5) басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келгендерге: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес запастағы сарбаздар, сержанттар әскери билетін (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беруге өтініш; әскери қызметке қатыстылығын растайтын құжат; жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін); аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан ү